Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде бірқатар шетелдік журналист жараланды
Зардап шеккен – ресейлік «Дождь» телеарнасы мен француздық Le Monde басылымының қызметкерлері

Таулы Қарабақтағы атыс салдарынан екі француз журналисі жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Армян бірыңғай ақпараттық орталығы Le Monde қызметкерлері Мартуни қаласының маңында Әзірбайжан қарулы күштерін бомбалау кезінде зардап шеккенін хабарлайды. Олар ауруханаға түсті.
Сондай-ақ, Мартуниде «Дождь» телеарнасы бас редакторының орынбасары Дмитрий Еловский да болған. Ол бомба қоймасына тығылып үлгергенф, зардап шеккен жоқ.
Еске салайық, Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте Армения Қарулы күштері Қарабақтағы байланыс желісіндегі елді мекендерге оқ жаудырды деп мәлімдеді. Осы мәліметтерге сәйкес, азаматтық және әскери адамдар арасында қаза тапқандар бар. Армения Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабақ «әуе және зымыран шабуылдарына ұшырады».
Ресми түрде танылмаған Таулы Қарабақ Республикасы, оның ішінде, астанасы Степанакерт қаласы артиллериялық атысқа ұшырады. Кейінірек Қарабақта әскери жағдай жарияланды.
Армения соғыс жағдайы мен жалпы жұмылдыру жағдайында. Айта кету керек, Арменияда алғаш рет жалпы жұмылдыру жағдайы жарияланып отыр. Әзірбайжан президенті республиканың бірқатар қалалары мен аймақтарында соғыс жағдайының енгізілуін және елдегі коменданттық сағатты бекітті, сондай-ақ ішінара жұмылдыру туралы мәлімдеді.
Бірқатар мемлекеттер, соның ішінде Ресей мен Франция тараптарды ұстамдылыққа шақырды. Түркия Таулы Қарабақтағы жағдайдың кезекті шиеленісуі аясында Әзірбайжанға кез келген қолдауды көрсететінін мәлімдеді.
Қарабақтағы қақтығыс 1988 жылы ақпанда, Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзірбайжан КСР құрамынан шығатынын жариялаған кезде басталды.
1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Әзірбайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылауын жоғалтты.
1992 жылдан бастап ЕҚЫҰ-ның Минск тобы шеңберінде Ресей, АҚШ және Франция тең төрағалары бастаған жанжалды бейбіт реттеу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Әзірбайжан өзінің аумақтық тұтастығын сақтауды талап етеді, Армения танылмаған республиканың мүдделерін қорғайды.