Алматыда ит оқушы қыздың мұрнын жұлып алды
Зардап шеккен қызға 4 рет ота жасалды

Алматылық хирургтер пластикалық операция арқылы екі адамның мұрнын қалпына келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Кішкентай қыздың мұрнын бет жағымен қоса ротвейлер тұқымды ит жұлып алған. Мұрынсыз қалған балаға №5 қалалық ауруханада алғашқы көмек көрсетіліп, тігіс жасаумен ғана шектелген. Бұдан соң баланың ата-анасы амалсыз пластикалық хирургтердің көмегіне жүгінген.
«Ротвейлер қыздың мұрнының ұшын жұлып алған. №5 қалалық ауруханада жасалған алғашқы тігістерді мына суреттен көрсеңіз болады, олар қолдан келгеннің бәрін істеген, бірақ эстетикалық тұрғыдан дұрыс нәтиже болмаған. Біз пациенттің мұрнына төрт операция жасап қалпына келтірдік, одан кейін эстетикалық тұрғыдан да түзеттік. Әлемдік пандемия кезінде пневмонияны және вирустық инфекциядан туындаған басқа асқынуларды емдеумен айналысатын эпидемиологтар, инфекционистер, пульмонологтар үздіксіз жұмыс істеп жүр. Алайда, басқа тар профильді дәрігерлер де өздерінің қиын қызметтерін тоқтатқан жоқ», - деді пластикалық хирург Леон Дерябин.
Дәрігерлер үшін екінші клиникалық жағдай алғашқыдан да ауыр болған. Жігіттің мұрнын төбелес кезінде қарсыласы тістеп, жұлып алған.
Пациентке Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіннің пластикалық хирургия кафедрасындағы білікті мамандары бес рет операция жасаған.
«Мамандар маңдайдан тіннің бір бөлігін трансплантациялау туралы шешім қабылдады. Соның нәтижесінде, пациенттің мұрны қалыпқа келіп, оның тыныс алу функциялары да, эстетикалық келбеті де жөнге келтірілді. Отаға қатысатын резиденттердің алғашқы легі 2019 жылы оқуды бастады. Биылғы оқу жылында резиденттердің екінші легі жинақталды. Оқудың бірінші жылынан бастап резиденттер операцияларда көмек көрсетеді және өз бетінше манипуляциялар жасауға тырысады. Университет жанынан ашылған кафедарға білікті мамандар мен заманауи жабдықтармен жасақталып, ауыр жағдайда түскен пациенттерге көмек көрсетіп келеді», - деді университеттің баспасөз хатшысы Марина Тян.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы