01.10.2020, 05:56
Оқиғалар
Атыраудағы мектептердің бірінен 170-ке жуық адам эвакуацияланды
Мектепте жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тараған
Фото: 24.kz
Атырау қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады. Сөйтіп, 124 оқушы мен 40-тан астам қызметкер шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінде болған. 24 жастағы психикалық ауытқуы бар ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, мектеп ғимаратына жарылғыш қойылғанын хабарлаған.
«Бізде сабақ болып жатқан. Бір кезде дабыл қағып, эвакуация жасалды. Балалардың барлығын сыртқа шығардық. Мектеп ғимаратынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», - дейді №20 мектеп-лицейінің директоры Гүлнәр Қожахметова.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды