ШҚО-да 1,5 млн гектар жер игерілмей жатыр
Облыста 11 миллион гектарға жуық ауылшаруашылық жері бар

Шығыс Қазақстан облысында 11 миллион гектарға жуық ауылшаруашылық жері бар, бірақ 1,5 миллоннан астамы әлі күнге игерілмей жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасының сайтында.
Оның басым бөлігі жайылымдық және шабындық алқаптар. Жерді мүлде пайдаланбаған немесе дұрыс күтім жасамаған шаруалардан 1 миллион 200 мың гектардан астам жер кері қайтарылды. Айта кетерлігі, аймақта жерді ғарыштан бақылайтын қанатқақты жоба қолға алынған. Осы жобаның арқасында шығыстағы шаруалардың жайылымдық жердің 20%-ін ғана пайдаланып отырғаны анықталды
«Ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасына сәйкес жерді пайдаланушылардың веб-порталы жасалып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бүгінге дейін жайылымдық жерлерге мониторинг жүргізіп, осы порталға енгіздік. Қазір бізде жайылымдықтың көлемі анықталды. Нәтижесінде бүгінге дейін жерді дұрыс пайдаланбаған 2 мыңға жуық шаруаға хабарлама жіберлді. Шамамен 1,5 миллион гектар жер қайтарылды.