$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2020, 00:59
Оқиғалар

Нұр-Сұлтан әуежайынан ақша жымқырды деген күдікке ілінген әйел өз-өзіне қол салмақ болды

Ол - әуежайдың бұрынғы бас бухгалтері

Нұр-Сұлтан әуежайынан ақша жымқырды деген күдікке ілінген әйел өз-өзіне қол салмақ болды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан әуежайынан ақша жымқырған күдіктілердің бірі өз-өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Көп адвокаттың бірі айыпталушының жайсыз сезінуіне байланысты сот процесін кейінгі шегеруді өтініпті. Мемлекеттік айыптаушының талабымен медициналық сараптама жүргізілген. Сараптама нәтижесі айыпталушы келіншектің бірі дәрі ішіп өзіне қол салмақ болғанын анықтады. 

«ЕЦ 166/1 мекемесінен түскен сараптама нәтижесіне сәйкес Бабашева дәрі ішіп уланбақ болған. Анықталған жағдай бойынша, оның психологиялық және эмоционалды жағдайын тексеру қажет», - дейді ҚР Жоғарғы сот төрағасы.

Сот хабараламасына қарағанда, дәрі-дәрмек жұтып уланбақ болған келіншек - әуежайдың бұрынғы бас бухгалтері Әлия Бабашева. 

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан әуежайынан, «Миллиардтаған ақшаны жымқырды» деген күдікке 8 адам іліккен.

Серіктес жаңалықтары