29.09.2020, 14:31
Оқиғалар
Алматы облысында смартфонын қуаттамақ болған оқушыны тоқ ұрып, қайтыс болды
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: ашық дереккөзден
Оқушы ұялы телефонды қуаттау кезінде электр тогы соғып, қаза тапты. Оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте, сағат 22:00 шамасында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде орын алды. Электр тогының соғуы салдарынан 15 жастағы жергілікті тұрғын қайтыс болды. Алдын ала анықталғандай, қыздың ұялы телефоны электр қуатында болған», – дейді полицейлер.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды