$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2020, 11:54
Оқиғалар

Ақтөбеде 16 жасқа толмаған қызбен махаббат құрған жасөспірім сотталуы мүмкін

Қыздың анасы сот-медициналық сараптама тағайындауды талап еткен

Ақтөбеде 16 жасқа толмаған қызбен махаббат құрған жасөспірім сотталуы мүмкін
Көрнекі фото: massaget.kz

Ақтөбеде Нұрасхан есімді жасөспірім 16 жасқа толмаған қызбен қарым-қатынас жасағаны үшін сотталуы мүмкін. Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі хабарлады.

Дина Таңсәрінің айтуынша, Нұрасхан мен А. есімді жасөспірімдер бір-біріне ғашық болған. Жігіт 17 жаста, қыз – 15 жаста.

Шілде айында «ғашықтар» үйінен қашып кеткен. Арада көп уақыт өтпей олар тағы да үйіне қонбаған. Бұл жағдай екінші рет қайталғанған соң, қыздың анасы сот-медициналық сараптама тағайындауды талап еткен.

«Бұл – ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша қылмыс жасау. Алайда, жасөспірімдер бұл жағдайға қылмыс емес, махаббат деп қараған. Ересектердің ешқайсы оларға ерте жыныстық қатынастың салдары және осындай қатынастың заңды жағы туралы ескертпеген», - деп жазды Дина Таңсәрі.

16 қыркүйекте Нұрасхан ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары