29.09.2020, 11:13
Оқиғалар
БҚО-да көлік суға батып, бір адам қайтыс болды
Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте болған
БҚО-да көлік суға батып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 28 қыркүйек күні сағат 9:25-те Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында болған. БҚО ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жайық өзені арқылы пароммен өту кезінде ВАЗ маркалы көліктің тежегіші істен шығып, суға батып кеткен. Көлік иесі оқиға орнында қайтыс болды.
«Марқұмның денесі 12:15-те көліктен шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиға орнында төрт құтқарушы мен бір техника жұмыс істеді», - деп хабарлады БҚО ТЖД.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)