29.09.2020, 05:27
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда жол жиегінде тұрған үш адамды көлік қағып кетті
Зардап шеккендер арасында 4 жасар бала бар
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда жол жиегінде тұрған үш адамды көлік қағып кетті. Зардап шеккендердің бірі - 4 жасар бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«37 жастағы әйел рөлге ие бола алмай, үш жолаушыны қағып кетті. 59 жастағы әйел, 33 жастағы ер азамат және 4 жасар бала ауруханаға жеткізілді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.
Айта кетейік, жыл басынан бері астанада жүргізушілердің кінәсінен 185 жол-көлік оқиғасы болған. Зардап шеккендер саны 200-ден асады.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
