Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Шымкентте көшеде ер адам төрт баланың анасын зорламақ болды

Оқиға 24 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында болған

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте әйелді зорламақ болған ер адам ізін суытпай ұсталды. Қылмыс 24 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Отырар басылымына сілтеме жасап.

Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысымен Абай даңғылының бойындағы үйіне қайтып келе жатқан әйелге белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол келіншекті ұрып, адам жоқ жерге алып барған. Жыныстық сипаттағы әркеттер көрсетіп, телефоны мен жүзігін тартып алған. 35 жастағы әйел қарсылық білдіріп, көмекке шақырған.

Араға жарты сағат салып, Абай ауданының патрульдік полиция полкінің қызметкері зардап шегушінің сипаттамасына сай келетін адамды қолға түсірді. Тексеру кезінде 38 жастағы тұрғынның қалтасынан алтын сақина мен зардап шеккен адам көрсеткен ақша сомасы табылыпты.

«Ол маған неке сақинасын берді. Мен телефонды алмадым. Мен дүкенге нан алғалы барғанмын. Әйел шығып «Кешіріңіз, сіз көмектесе алмайсыз ба, араққа ақша жеткіліксіз» деді де сексуалдық сипаттағы қызмет ұсынды. Мен қалтамдағы бар ақшамды бердім», - дейді күдікті.

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасының түсірілім тобы жарақат алған әйелден аурухананың кіреберісінде түсініктеме алып үлгерді.

«Кешке жұмыстан қайтып жатқам, белгісіз біреу қолымнан ұстап, стендке қарай сүйреп апарды. Тұншықтырды. Ол менің сақинам мен әмиянымды, телефонымды тартып алды»,- дейді зардап шегуші.

Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.