$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2020, 21:57
Оқиғалар

Көкшетауда 20 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Полиция қандай да бір ақпарат білген адамдардан 102 арнайы желісіне хабарласуды сұрайды

Көкшетауда 20 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: баспасөз қызметінен

Ақмолалық полицейлер үйден шыққан күйі оралмаған жиырма жастағы қызға іздеу салды. Оны іздеуге қазір облыстың барлық тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгін Көкшетау қалалық полиция басқармасына жүгінген 51 жастағы әйел 2000 жылы 17 қыркүйегінде дүниеге келген қызы Айшолпан Маратқызы Сыздықованың кеше күндіз үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмағанына арызданған. Полиция қыздың хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы арыз түске соң бірден жедел іздестіру шараларын бастады. Қыздың әріптестерінен, туған-туыстары мен көршілерінен, достары мен таныстарынан жауап алынды. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы барлық бейнебақылау камералары тексерілуде. Тәртіп сақшылары қаланың жан-жағын түгел тінтіп, қызды іздеуге кірісті. Полиция қызметкерлері қызды табу үшін барлық тиісті ізестіру шараларын жүргізетін болады», - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. 

Айшолпан үйден шыққан кезде  қызғылт түсті капюшонды спорттық костюм, қара түсті шалбар және қара түсті крассовка киген. Бойы шамамен 165-166 сантиметр, орташа денелі, шашы ұзын қара түсті иығына дейін сарғыш жолақтары бар, көзі қоңыр. Ерекше белгісі - қолында күйік белгілері бар.

Із-түзсіз жоғалған қызды іздеуге Ақмола облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы мен ерікті азаматтар да жұмылдырылған. Полиция хабар-ошарсыз кеткен қыздың қайда екенін болмаса қандай да бір ақпарат білген адамдар болса, 102 арнайы желісіне хабарласуды сұрайды. 

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары