$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2020, 17:41
Оқиғалар

Алматы облысында сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Экология министрі «Алтын Емелде» көзге түскен барыстың видеосын жариялады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет көзге түскен қар барысының фото, видеоларымен бөлісті.

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр: «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген», - деп жазды министр Twitter парақшасында.

Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде «Сайрам Өгем» ұлттық паркінде де көрініп еді. 

Министрдің сөзінше, жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны, 4 мыңдай ғана. Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. БҰҰДБ Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатқан.

Экология министрі сирек кездесетін жануарларды барынша қорғау үшін бірқатар шара қабылданатынын айтты. 

Серіктес жаңалықтары