$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2020, 17:36
Оқиғалар

Ертіс өңірінде құс тұмауының тағы бір ошағы анықталды

Өлген құстың жалпы саны 118 басқа жетті

Ертіс өңірінде құс тұмауының тағы бір ошағы анықталды

Павлодар облысында құс тұмауын жұқтырудың жаңа ошағы анықталды. Ертіс ауданының Ағашорын ауылында карантин жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бұл – өңірде қауіпті аурудың жеке аулаларда таралуының төртінші жағдайы. 

«Ағашорын ауылындағы үй құстарының алғашқы өлімі 21 қыркүйекте тіркелді. Ветеринарлар қырылып жатқан құстарды сегіз бірдей ауладан анықтады. Келесі күні олардың саны есептелді. Бәрі 56 құс қырылған, оның ішінде 40 қаз, 15 тауық және бір үйрек бар. Көлдің жағасынан өліп қалған аққу табылды. Бір күн бұрын талдау нәтижелері келді. Өткен демалыс күндері ауылда карантин режимі орнатылды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша, қазір 11 аулада өлім-жітім тіркелген. Өлген құстың жалпы саны 118 басқа жетті. Оқиға орнында эпизоотияға қарсы отряд жұмыс істейді. Барлық құс басы алынып, өлекселер пеште жағылады»,- делінген хабарламада. 

Жалпы, ветеринарлар бес мыңнан астам құстың басын жоюы керек. Ертіс ауданының аумағында ауқымды вакцинация жүргізіледі. Соңғы дерек бойынша, 50 мыңнан астам құс егілді.

Серіктес жаңалықтары