ШұғылОқу жылы басталғалы 250 оқушы COVID-19 вирусын жұқтырған

Атырау облысында белгісіз біреу 12 зиратты қиратып кетті

Сонымен қатар ол Мәтен қожа мазарын өртеп жіберген

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшығыл ауылында жергілікті тұрғындардың біреуі Мәтен қожа мазарын өртеп, маңындағы 12 зиратты қиратып кекен. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, молаға от қыркүйектің 27-де қойылған. Ауыл тұрғындары мен өрт сөндірушілер оны екі сағат жүріп әзер дегенде өшірген. Ауылдағылар моланы өртеген адамның бұрынғы шырақшы екенін айтады. Алайда, оған ресми дәлел жоқ.

«Атаның мазарын сындырған, атаның түнек үйін өртеп жіберген. Бірақ түнек үйінің заттарын біз далаға шығардық.  Атаның түнек үйін алып қалдық. Басқа ештеңе алып қала алмадық», - дейді Қызылқоға ауданының тұрғыны Нұртас Бекмағамбетов.

Айта кетейік, Мәтен қожа моласына жергілікті халық ем іздеп келеді. Әулиенің бейітін өртеген және зираттарды қиратқан адамның әзірге кім екенін белгісіз.