26.09.2020, 21:26
Оқиғалар
БҚО-да он күн бұрын жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды
Оның денесі өзеннен шығарылды
Фото: баспасөз қызметінен
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылына жақын маңдағы Барбастау өзенінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ер адамның денесі 26 қыркүйек күні Теректі ауданы Жаңаөмір ауылына жақын маңдағы Барбастау өзенінен табылды. Құтқару жасағы (4 құтқарушы, 1 сүңгуір құралы, 1 техника) 1977 жылғы тұрғынның денесін судан шығарды», - деп жазылған хабарламада.
Ер адам 15 қыркүйекте белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды