26.09.2020, 21:03
Оқиғалар
Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ
Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«УАЗ-3962 көлігінің 54 жастағы жүргізушісі Назарбаев көшесімен келе жатып рөлге ие бола алмай қалған. Жедел жәрдем қоршауды соғып, медицина орталығының дәл алдына барып аударылған. Сараптама қорытындысына сенсек, жүргізуші алкоголь ішімдік ішпеген. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп жазылған хабарламада.
Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол үйіне жіберілді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды