16.09.2020, 12:06
Оқиғалар
Еріктілер Нұр-Сұлтанның орталығында иттің етін сататын мейрамхананы әшкереледі
Карантин кезінде жануардың етіне сұраныс артқан
«Стоп отлов» еріктілері мен Azattyq Rýhy тілшісі елордада қонақтарға ит етінен ас әзірлеп сататын мейрамхананы әшкереледі. Оқиға орнына полиция жасағы да шақырылды. Мұндайды күтпеген даяшылар сасқандарынан иттің етін қайдан алатындарын жасырмай айтып берді. Ал жануарларды қорғау ұйымының белсендісі бұл мейрамхананы сотқа бермек. Күні бұрын Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев елде жануарларды қорғауға қатысты заң күшейтіледі деп мәлімдеген еді. Ол жануарларға зорлық-зомбылық көрсететіндер адамдарды да аямайды деген болатын. Бас қаланың орталығында иттің еті мен майын ашық саудалағандар туралы толығырақ видеоматериалда баяндалған.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды