ШұғылҚазақстанда 39 бала Кавасаки синдромына шалдықты

Қарағандыда пәтер жалдаған тұрғын үйден 1 млн теңгенің затын жымқырып кеткен

Күдікті ретінде 44 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны анықталды

Көрнекі фото: lenin.cap.ru

14 қыркүйекте Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны арызданған. Шағымданған азамат наурыз айынан бастап қыркүйекке дейін бір азаматшаға пәтерін жалға берген. Алғашында үй жалдаған азаматша пәтер ақысын уақытылы төлеп тұрса, кейін әртүрлі сылтау айтып, пәтер ақысын беруден қашқақтап жүрген.

Арада біраз уақыт өткенде пәтер иесі жалдаушы азаматшамен бетпе-бет сөйлесуге келгенде, оның пәтерден барлық тұрмыстық техниканы жымқырып кеткенін анықтаған. Жәбірленуші келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеден асады деп бағалады.

Полиция қызметкерлері жәбірленушіден түсінік алу барысында, ол пәтерін жалдаған азаматшаның есімінен басқа ешнәрсе түсіндіріп бере алмаған.

Алдын алу үшін жүргізілген шаралар барысында полиция қызметкерлері Теміртау қаласының 44 жастағы  тұрғынын анықтап, күдікті ұсталды.

Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.