16.09.2020, 10:37
Оқиғалар
Қостанай облысында үй өртеніп, 7 жасар бала қайтыс болды
Оның әжесі ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Бейімбет Майлин ауданына қарасты Береговой кентінде екі пәтерлі үйден өрт шығып, салдарынан 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі. Оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат жеті шамасында болған.
Өртенген үйге келген мамандар ғимарат ішінен 2013 жылы туған баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ, оның 1959 жылы туған әжесі ауыр жарақатпен Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Өрт тек 8:17-де ауыздықталып, 9:50-де толығымен сөндірілді. Барлығы 100 шаршы метр аумақ жанып кеткен. Мамандар қазір өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды