ШұғылҚазақстанда 39 бала Кавасаки синдромына шалдықты

Қырғызстанмен шекарада көлігінде 1,8 келі героин жасырған азамат ұсталды

Қырғыз азаматы бұл қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

14 қыркүйекте ҚР Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаменті және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Қарасу» шекаралық бекетінде Қырғыз Республикасының азаматы басқарған автокөлікті ұстады. Көліктің жүк салатын жерінде бал салынған екі пластамасс ыдыс анықталған.

«Қос шелектің түбінде жасырын орын қойылып, онда жалпы салмағы 1872 грамм болатын ақшыл сары түсті заты бар 2 полиэтиленнен жасалған орама анықталды. Сараптама нәтижесі бойынша бұл зат героин болып шықты. Қазір аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай қылмыс жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.