ШұғылҚазақстанда 39 бала Кавасаки синдромына шалдықты

Көкшетауда ер адам 5 жасар қызды құтқарамын деп мүгедек болды

Баланың ата-анасы оған көмектесу түгілі, рахмет те айтпаған

sputniknews.kz

Көкшетау тұрғыны Николай Панюшкин көпқабатты үйдің терезесінен құлағалы тұрған 5 жасар қызды құтқарамын деп өзі мүгедек болып қалған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Оқиға осыдан 4 жыл бұрын болыпты. Ер адам көлігін тұраққа қойып жатқанда, терезеден салбырап тұрған қызды байқап қалады. Ол дереу өз өмірін тәуекелге тігіп, бүлдіршінді құтқарып алған. Алайда, өзінің омыртқасын зақымдап алып, содан бері төсекте жатыр. Сорақысы сол, қыздың ата-анасы құтқарушы адамға не рахметін айтпаған, не жағдайын сұрап келмеген.

«Кешірім сұраған жоқ, тіпті алғыс айтып та келмеді. Міне, ер адам 4 жылдан бері төсекке таңылып, азабын тартып жатыр. Мүгедек, үш рет операция жасатты. Ал ол көмектескен отбасы сол күйі келмеді, оқиға болғаннан кейін көшіп кетті. Қазір мұнда тұрмайды», - дейді ПИК төрайымы Рауза Көкенова.

Қазір Николай Панюшкин бірнеше операция жасатуы керек. Алайда оған ақшасы жоқ. Қанша азаптанса да кішкентай қызды құтқарғанына еш өкінбейді.