13.09.2020, 11:57
Оқиғалар
СҚО-да құжаты жоқ ана мен бала табылды
Анасы да, 8 жастағы қыз да хат танымайды
Фото: ашық дереккөзден
Солтүстік Қазақстан облысында фермерлік шаруашылықтың бірінен 1988 жылы туған әйел мен 8 жасқа таяған бала табылды. Анасы мен қызының ешқандай құжаты жоқ, хат танымайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әйелді полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендер үйіне жеткізген. Ал оның қызы мектепке бармаған, ойыншықтың не екенін білмейді. Қазір анасы мен баласына мединициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Әйел Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екенін айтқан. Қазір оның кім екенін анықтау және құжат жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)