13.09.2020, 05:36
Оқиғалар
Қарағанды облысында жаңа туған нәрестесімен бірге жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды
Ол Ана үйі дағдарыс орталығынан шығып, қайта оралмаған
Фото: polisia.kz
Қарағанды облысында бір апта бұрын жаңа туған нәрестесімен бірге жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«3 қыркүйек күні Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 44 жастағы әйел хабарласып, 16 жастағы қызының Ана үйі дағдарыс орталығынан жаңа туған сәбиімен шығып, қайта оралмағанын айтқан. Оларды іздеп табу үшін облыстық Полиция департаментінің бастығы мобильді топтар құрып, волонтерлер жұмылдырылды», - деп жазылған ақпаратта.
Бала мен ана облыстағы ауылдардың бірінен табылды. Қазіргі уақытта екеуі де қыздың ата-анасының қамқорлығына берілді.
Көп оқылған
18.05.2026, 15:28
«Далаға тастап кетпейсің ғой?»: Маңғыстау облысындағы үш жасар зағип баланың видеосы шетелдіктерді жылатты (ВИДЕО)
18.05.2026, 10:33
«Көсе Гөкер мырза, уақыт жетті!»: Нәлібаев Алматы әуежайының құрылысын сынап, жаңа басшысына шілдеге дейін ғана уақыт берді
18.05.2026, 10:47
«Оны алаяқтар қасақана өлтірді»: Астанада атақты жазушының немересі жұмбақ жағдайға көз жұмған – іс неге алға баспай отыр
18.05.2026, 17:47
ҚТЖ-ның кезекті былығы әшкере болды: прокуратура лауазымды қызметкерлерін жазалады
18.05.2026, 17:14
Дастан Сәтбаевтың «Челсиге» қашан кететіні белгілі болды