$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2020, 08:34
Оқиғалар

Ақтөбеде шағалалар неліктен қырылды

Осыдан бір ай бұрын өзен жағасынан ондаған құстың өлексесі табылған 

Ақтөбеде шағалалар неліктен қырылды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде мамандар құстардың жаппай қырылуына не себеп болғанын айтты. Осыдан бір ай бұрын өзен жағасынан ондаған құстың өлексесі табылған еді. Зерттеуге кіріскендер «шағалалар үсіп өлді» деген шешім шығарды, деп хабарлайды КТК.   

Ал сарапшылардың мұндай қортындысына Орман және аң шаруашылығы инспекциясындағылар таңқалып отыр. Сараптама қортындысында «Құстар күннің күрт суығанына шыдай алмады» деп көрсеткен. Одан өзге болжам айтылмаған. Сондықтан инспекция мамандары қайта сараптама жасатуды жөн деп шешті.

Енді зерттеумен көршілес Қызылорда облысының сарапшылары айналысатын болды. Ақтөбелік зертханашылардың шешіміне күмәнданатындай да жөні бар. Бұған дейін жаппай қырылған балықтар күннің ыстығынан суға тұншығып қалды деген қорытынды шығарған еді. Сөйтсе олар судан уланған екен.

Серіктес жаңалықтары