Ақтауда қаланың қақ ортасында ер адам атылды
Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген «А» есімді азамат ес жия алмай, көз жұмды
Ақтауда көшеде атылған ер адам туралы ПД баспасөз қызметі түсінік берді. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Атыс туралы ақпарат бүгін «Лада» ақпараттық порталында пайда болды.
Атысты Ақтау тұрғындары 9 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында 5-шағын аудандағы №21 үйдің жанында естіді, деп хабарлайды басылым. Куәгерлердің айтуынша, оқ атқаннан кейін екі белгісіз адам жараланған адамды көлікке отырғызып, кетіп қалған.
Кейін Ақтау ПД баспасөз қызметі ақпаратқа түсінік берді.
«2020 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 19:55-те Ақтау қалалық полиция басқармасы кезекшісінің «102» пультіне 5-шағын ауданда 21-үйдің артында атыс дыбысы естілетіні туралы қоңырау түсті. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген «А» есімді азамат ес жия алмай, көз жұмды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Бұл факт Ақтау қалалық полиция басқармасының «адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады полиция департаменті.