Атырауда интернет-алаяқтықпен айналысқан жасөспірім ұсталды
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексеріліп жатыр
Атырау облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ақша алған жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 маусым күні Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу Инстаграм желісіндегі «АЙБЕК КӨМЕК» парақшасы арқылы Kiwi әмиянына оның 40 мың теңге аудартып алған.
Онымен қоймай, жәбірленушінің «HalykBank» картасы мен сәйкестендipу нөмірін фотомен алдыртып есепшотынан 385 мың теңге ақшасын иемденіп алған.
Полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа күдіктіні анықтады. Жақында Атырау полицейлері Түркістан облысының 2003 жылы туған тұрғынын ұстады.
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде. Тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жүргізілуде.