07.09.2020, 04:56
Оқиғалар
БҚО-да саяжайлардың бірінде 81 жастағы зейнеткерді өлтіріп кеткен
Аса ауыр қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысындағы Автодорожник-1 саяжайында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
«Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 81 жастағы зейнеткерді біреулер өлтіріп кеткен. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп жазылған ақпаратта.
Қазіргі таңда аса ауыр қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
