07.09.2020, 00:24
Оқиғалар
Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді
Қамыс биік әрі батпақты болғандықтан өртті сөндіру қиынға соқты
Фото: баспасөз қызметінен
Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында жанып жатқан қамыс арасындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«6 қыркүйекте сағат 17.21-де Атырау облысында өртке оранған қамыс пен қураған шөптің жануы жойылды. Еске сала кетсек, Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатқан болатын. Қамыс биік әрі батпақты болғандықтан өртті сөндіруі қиынға соқты. Онда өрт сөндіретін арнайы техника жете алмады», - делінген хабарламада.
Онда Шымкент қаласынан ұшып жеткен «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы өрт ошақтарына 3 тоннадан 10 рет су шашты.
Көп оқылған
08.06.2026, 11:18
Ақтауда ішіп алған ер адам көшеге тыр жалаңаш шығып кеткен (ВИДЕО)
08.06.2026, 12:58
Арыс қаласында мас әйел төрт адамды қағып өлтірді – оның екеуі бала, біреуі жүкті әйел
08.06.2026, 06:21
Павлодар тұрғыны вокзал маңында ұйықтап қалған канадалық туристің ақшасы мен төлқұжатын ұрлап кеткен (ВИДЕО)