$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2019, 10:33
Оқиғалар

Алматыда болған жол апатынан автокөлік жанып кетті

Жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті 

Алматыда болған жол апатынан автокөлік жанып кетті
Фото: sputniknews.kz

Volkswagen Polo автокөлігі жолда тоқтап қалған көлікке соқтығысып, сосын жанып кеткен, деп хабарлайды Sputniknews.kz 

Райымбек даңғылы мен Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті.

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Polo автокөлігі Райымбек даңғылымен қозғалып келе жатқан. Тұргут Озал көшесін жүріп өткен соң, жарты жолда тоқтап қалған көлігін оталдырмақ болып жатқан Hyundai Galloper автокөлігіне соқтығысқан.

Көлікпен соқтығысқаннан кейін Volkswagen Polo жанып кеткен. Куәгерлер өртті көре сала сөндіруге тырысқан, алайда одан еш нәтиже шықпапты. Кейінірек оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, қызыл жалынды ауыздықтады.

Жол апаты салдарынан Hyundai Galloper автокөлігінің жүргізушісі мен жаяу жүргінші зардап шекті. Олардың екеуі де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары