Қарағандыда бір тәулікте 32 көлік апатқа ұшырады

Жарияланған:
08.11.2019, 09:13

Салдарынан 6 адам жарақат алды
 

Қарағандыда алғашқы қар түсісімен көктайғақ басталып, бір тәулікте 32 жол апаты тіркелді. 6 адам жарақаттанып, біреуі ауруханаға түскен, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Полицияның хабарлауынша, бұған жүргізушілердің көлік дөңгелектерін дер кезінде ауыстырмауы себеп. Қаланың орталық көшесінде мұз үстінде сырғанаған 5 бірдей автомашина бір- бірімен соқтығысты. Айта кетейік, 1-ші желтоқсаннан бастап қысқа дайын емес көліктердің жүргізушілеріне айыппұл салынады. Полиция жүргізушілерді сақтық шараларын жасауға шақырады.

«Полиция барлық жүргізушілерден  жол жүру ережелерін сақтауды, жолда жүргенде барынша сақ болуды, жол белгілеріне аса мән беру керек екенін ескертед», - дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Алайда жүргізушілер қыстың қамына кірісуді соңғы күндері ғана бастапты. Қазір қаладағы дөңгелек жөндейтін орталықтарда көлік иіні тіресіп тұр.

Дөңгелек ауыстыратын жерлер келушілер көп болғандықтан, күні- түні жұмыс істеу тәртібіне көшкен.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Елордада қару асынып видеоға түскен жігіт ұсталды (видео)
БҚО-да автокөлік аударылып, екі адам ауруханаға жеткізілді
19 жастағы қыз түнгі клубта билеп жүріп босанып қалды

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.