06.09.2020, 12:23
Оқиғалар
Теміртауда ер адамның мәйіті табылды
Бұрын ол хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қыркүйек күні сағат 15.30-да Теміртауда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ комбинатынан 200 метр қашықтықта зорлықпен өлтірілген 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті құдықтан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұрын ол хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағдарланған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 және 43 жастағы екі күдікті анықталып, ұсталды. Дәлелдемелер базасын жинауға және бекітуге бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы