06.09.2020, 13:04
Оқиғалар
ШҚО-да 150 тоннаға жуық шөп өртенді
Қызыл от салдарынан 20 гектар жер және шабылған шөптің 600 орамы жойылған
ШҚО-да Біржан ауылдық округінің «Сталинбас» учаскесінде 150 тоннаға жуық шөп өртенді, бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Зайсан қаласының №25 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультінен келіп түскен ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт сөндірушілер қызыл от салдарынан 20 гектар жер және шабылған шөптің 600 орамы жойылғанын анықтады, бұл шамамен 150 тоннаны құрайды.
Зайсан ауданы ТЖБ ақпараты бойынша, өрт сөндіру бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың және орман шаруашылығының жеті бірлік техникасы көмегімен 42 адам жұмылып, өртті сөндірді.
Көп оқылған
12.09.2026, 08:54
Тоқ соқты ма, әлде инсульт па: Атырау облысында медпункт күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
12.09.2026, 20:18
Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)
12.09.2026, 07:26
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады
12.09.2026, 06:10
Қазталовтан көлігімен шыққан жолаушы енді Орал қаласына небәрі 5-6 сағатта жете алады