Түркістан облысында үйінде қарасора өсіріп, марихуана сатқан тұрғын ұсталды
Тәркіленген өсімдік тектес есірткінің жалпы салмағы 70 грамм марихуананы құрады

Түркістан облысында полицейлер кезекті есірткі егу фактісін жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісай АӨБ-не жергілікті тұрғын өз үйінде заңсыз қарасора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісай ауданының полицейлері күдіктіні ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер ұсталған адамнан айғақ зат ретінде құрамында есірткі бар 13 түп өсімдік пен кептірілген марихуана салынған ораманы тәркіледі.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша Жетісай АӨБ-нің СДТБТ-не тіркелді. Тәркіленген өсімдік тектес есірткінің жалпы салмағы 70 грамм марихуананы құрады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта Жетісай АӨБ полицейлері осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, барлық мән-жайларды анықтауда.