05.09.2020, 17:15
Оқиғалар
ШҚО ауылдарының бірінде жел үйлердің шатырын жұлып кетті
Жел екпіні секундына 27 метрге жетті
ШҚО-да қатты жел Зайсан ауданының Қаратал ауылында үйлердің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалы 4 қыркүйекте аймақта қатты екпінді жел, найзағай, бұршақ, дауыл болатынын ескерткен.
«Апат Зайсан ауданында болды, әсіресе, Қаратал ауылы зардап шекті. Мұнда бірнеше минут ішінде жел соғып, оның екпіні секундына 27 метрге жетті. Ауыл көшелерінің бірінде 25-30 жеке тұрғын үйдің шатыры бүлінген», - деді ТЖД-де.
Жергілікті тұрғындар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ауа-райынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмыс істейді.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)