$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2020, 17:32
Оқиғалар

9 минут ішінде 12 заң бұзушылық: қарсы бағытта келе жатқан «Land Cruiser» жүргізушісі жауапқа тартылды

Осы бұзушылықтар үшін салынған айыппұл мөлшері 225 018 теңгені құрайды

Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында қарсы жолақта келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісін, іздестіру жөніндегі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Е. есімді азамат, ол 19 жаста. Оның 30 тамызда таңертең жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин мен Мұқанов арасындағы аралықта, ол, екі рет қарсы жолаққа шығып кетті. Белгісіз қаламын деген үмітпен жас жігіт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін көлік құралынан алып тастаған. Біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы бейнебақылау жүйелерін қолданып, қаскүнемдікті анықтады. Е.азаматтың барлық бағыты ізделінді. Тоғыз минут ішінде қозғалыс кезінде ол жол ережесін 12 рет бұзды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерік Насырбеков.

«Toyota Land Cruiser» жүргізушісіне қатысты барлығы 12 әкімшілік хаттама жасалды. Осы бұзушылықтар үшін салынған айыппұл мөлшері 225 018 теңгені құрайды. Шешім қабылдау үшін қарсы жатқан жолаққа шыққан өндірістік материалдары Алматы қаласындағы СМАС-қа жіберілді. Бұл құқық бұзушылық түрі көлік құралын басқару құқығынан айыруды қарастыратынын ескертеміз. 

– ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 2-бөлігі – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқару; 

– ҚР ӘҚбК-нің 230-бабы 2-бөлігі – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасамауы; 

– ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 2-бөлігі – қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау; 

– ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы 3-бөлігі – жол жүру ережелерінде тыйым салынған жағдайларда, оның ішінде бұрылумен немесе кері айналуға байланысты жағдайларда, қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігінің шетіне шығу; 

– ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (екі хаттама) – қозғалыс басталмас бұрын, жолды ауыстырғанда, бұрылыста, кері айналуда немесе тоқтағанда жол ережесінің дабыл беру талаптарын орындамау; 

– ҚР ӘҚбК-нің 599-бабы 1-бөлігі (екі хаттама) – бағдаршамның қызыл шамы немесе жол диспетчерінің тыйым салған ымымен жүру; 

– ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі (екі хаттама) – төтенше жағдайдың туындауына әкеп соқтырған, жол қозғалысы ережелерін пайдаланушының бұзуы, яғни жол қозғалысының басқа қатысушыларын жылдамдықты, қозғалыс бағытын күрт өзгертуге мәжбүрлеу; 

– ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі – (екі хаттама) – жол белгілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеу.
 

Серіктес жаңалықтары