$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2020, 11:27
Оқиғалар

Алматы әкімдігінде көпқабатты үйдің опырылу себебі анықталды

Әкімдік үйдің қираған беті 10 күн ішінде қалпына келтіріледі деді

Алматы әкімдігінде көпқабатты үйдің опырылу себебі анықталды

Алматы әкімдігі 10 күн ішінде Зерделі шағын ауданындағы (бұрынғы Алғабас) тұрғын үйдің желмен бұзылған қаптамасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Литер»-ге сілтеме жасап. 

Оқиға 4 қыркүйек күні сағат 12:55-те Алатау ауданында болған. Қатты жел шамамен 40 шаршы метр алаңдағы бесқабатты тұрғын үй қаптамасының бір бөлігін сындырды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Екпінді жел нәтижесінде тұрғын үйдің бір беті қирады. Оған себеп болған жаңбыр сулары ағындарының түйісуі. Суық мезгілде жауын-шашынның суып кетуі кезінде жылытқыш үйдің қабырғасынан сығылып, қабыршақтанып, үйдің қабырғасы мен жылытқыш арасында ауа қабаты пайда болды»,— деп түсіндірді Алматы әкімдігінде.

Әкімдіктің мәліметінше, Зерделі шағын ауданындағы №36 үй 2012 жылы пайдалануға берілген. 

Серіктес жаңалықтары