$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2020, 10:06
Оқиғалар

Жаяу патруль сарбазы 14 жасар баланы судан құтқарды

Оқиға Алматы қаласының Алмалы ауданында болған

Жаяу патрульдегі АЖӘЖ сарбазы 14 жасар баланы судан құтқарды, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Алматы қаласының Алмалы ауданында болған.

«14 жастағы Роман және оның достары Есентай өзенінің жағасында жүрген. Бала парапеттің екінші жағына өтпек болған, бірақ, өкінішке қарай, сүрініп, суға құлап түсті. Осы сәтте бұл аймақта тәртіпті қадағалау үшін жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев қызмет етіп жүрген. Суға батып бара жатқан баланы көрген аға лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды шығарып алды. Бақытымызға орай, қазір баланың жағдайы жақсы. Ол ата-анасына тапсырылды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

«Көмектескен полиция қызметкерлеріне көп рахмет. Олар дәл уақытында қол ұшын созды. Баланың жағдайы жақсы», – деді ұлының құтқарушыларына алғысын білдірген Романның анасы.

 

Серіктес жаңалықтары