05.09.2020, 03:23
Оқиғалар
Қорғаныс министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс үш есе артқан - Антикор
Қорғаныс министрлігінде анықталған мұндай қылмыс саны 31-ге жетті
Фото: 24.kz
Қорғаныс министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс үш есеге артқан. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
2020 жылдың жеті айында өткен жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда қылмыстық істер саны шамамен үш есеге өсіп, 11-ден 31-ге жетті. Оның 22-сі сотқа жіберіліп, Қорғаныс министрлігінде істеген 7 лауазымды тұлға сотталды.
Сонымен қатар әскерге шақырмау үшін тұрғындардан жүйелі түрде пара алып жүргендер анықталды.
«Алматыдағы қорғаныс департаментінің басшысы мен полиция департаментінің қызметкері әскерге жарамсыздық туралы билет беру үшін мың доллардан алып отырған», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды