Петропавлда 100-ден астам құрылысшы жалақысын ала алмай жүр

Компания оларға 86 млн теңге қарыз

Петропавлда 100-ден астам құрылысшы жалақысын ала алмай жүр
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда 100-ден астам құрылысшы жалақысын ала алмай жүр. Қалада көпқабатты тұрғын үй салумен айналысқан компания оларға 86 млн теңге қарыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті, жұмысшылардың зейнетақы шотына да бір тиын түспеген.

Қалада бірнеше көпқабатты тұрғын үй салған олар осымен 3 жыл маңдай тер ақыларын ала алмай жүр. Зейнетақы төлемдері де түгел емес. Еңбек инспекторлары тексеріс жүргізіп, қарызды қайтару туралы нұсқама берген. Бірақ ол орындалмады. Енді бұл іспен сот орындаушылары айналысып жатыр. 

«Қазіргі таңда 11 млн теңгеден астам қарыз өндірілді. Сонымен қатар серіктестіктің меншігінде 6 жер учаскесі мен 4 пәтер бар екені анықталды. Жер учаскілері 2 рет аукционға қойылып, сатылмады. Пәтерлер бойынша да сотқа өтініш берілді», - деді аймақтық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Арман Құсанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.