05.09.2020, 11:54
Оқиғалар
Каспий жағалауында өрт шықты
Теңіз жағасындағы қамыстың жану себебі анықталған жоқ
Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында Атырау қаласынан 30-40 км жерде қамыс жанып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жануды сөндіру өсімдіктердің салыстырмалы түрде жоғары деңгейімен қатар батпақты жерлермен күрделене түседі, осыған байланысты арнайы техникадан өту кейде мүмкін емес. Қалыптасқан жағдайды мониторингілеу мақсатында ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен жану аумағын ұшып өтті. Ұшу нәтижелері бойынша жану жеке ошақтармен жүретіні анықталды», - деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, орман шаруашылығы,жергілікті атқарушы органдардың 55 адамы мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады