03.09.2020, 22:59
Оқиғалар
Таразда мейрамхана маңында адам өлтірген күдікті ұсталды
27 жастағы ер адамның мәйіті 30 тамыз күні табылған еді
Фото: ашық дереккөзден
Жамбыл облысында мейрамхана маңында ер адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлері 2 қыркүйек күні кісі өлтірді деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады. 30 тамыз күні Ақбұлақ шағынауданында, мейрамханаға жақын маңнан 27 жастағы ер адамның мәйіті табылған еді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті алдын ала тергеу барысында қаза болған адаммен арадағы кикілжіңге өзара сөзге келіспеушілік себеп болғанын айтты және қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады