$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2020, 15:34
Оқиғалар

Елордада қонақүйде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Ол бұрын да бөтеннің мүлкін заңсыз иемденгені үшін істі болған екен

Елордада қонақүйде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Елордаға басқа қаладан келген 37 жастағы азамат қаладағы қонақүйлердің біріне орналасып, есігі сәл ашық қалған бөгденің бөлмесіне кіріп, жалпы құны 80 мың теңгені құрайтын әмияны мен ұялы телефонын қолды қылған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай анықтады. Оның бұрын да бөтеннің мүлкін заңсыз иемденгені үшін істі болғаны белгілі болды.

Қазір ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Қалалық Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ қалалық ПД өкілдері қонақүйде ұрлық жасаған азаматтан тағы да зардап шеккендер болса, хабарласуды сұрап, күдіктінің суретін жариялады.

Серіктес жаңалықтары