$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2020, 12:40
Оқиғалар

Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар баланы іздеуге 250 адам жұмылдырылды

Ол өткен тәулікте күндіз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған

Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар баланы іздеуге 250 адам жұмылдырылды

Алматыда жоғалып кеткен Месут Мырзақұловты іздеуге полиция қызметкерлерімен бірге құтқарушылар, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер мен мектеп мұғалімдері жұмылдырылды. Еске салайық, 9 жасар алматылық оқушы 1 қыркүйек күні күндізгі сағат 13:00 шамасында үйінен кетіп, сол күйі қайта оралмаған.

Полицейлердің хабарлауынша, Месут алдымен №33 мектепке қарай барған, онда баланың әжесі жұмыс істейді. Бейнебақылау камералары оның Қалдаяқов көшесімен оңтүстік бағытқа қарай бет алғанын көрсетті.

«Ол жеке тұрғын үй секторында, «Кеңсай» моласына жақын маңда тұрады. Іздеу тобы ең алдымен, осы жерді шолып шықты. Іздеу жұмыстарына иісшіл иттер, Ұлттық ұланның 100 сарбазы, жедел әрекет ету арнайы тобының 20 қызметкері, ювеналды полицияның және учаскелік полицияның 50 инспекторы, криминалды полицияның 40 қызметкері, 20 ерікті мен 5 мұғалім жұмылдырылған. Сондай-ақ, мобильді топ тастанды ғимараттардың ішін де түгел қарап жатыр. Тауға шығып, әрбір метрді мұқият тексеріп жатырмыз. Іздеу жұмыстарына БАҚ өкілдерін де тарттық. Баланы аман-сау табамыз деп үміттенемін», - деді полиция полковнигі Еркін Іңкәров.

Серіктес жаңалықтары