Алматыда оқушы өлімінен кейін бапкер қызметінен шеттетілді

Қайтыс болған бала қазан айының ортасынан бастап академиядағы секцияда баскетболмен айналысқан екен

Алматыда оқушы өлімінен кейін бапкер қызметінен шеттетілді

Алматыда жаттығу кезінде оқушы қайтыс болу дерегіне байланысты тергеу шаралары аяқталғанша бапкер қызметінен шеттеледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев мәлімдеді. Қайғылы оқиға осы академия қабырғасында болған. Есқалиевтің айтуынша, қайтыс болған бала қазан айының ортасынан бастап академиядағы секцияда баскетболмен айналысқан. Оның бұрындары басқа секцияларға барған-бармағаны белгісіз. 

«Жаттығу өткізу залын жеке кәсіпкер жалға алды, бірақ жаттықтырушы біздің ұстаз болатын. Ол өте тәжірибелі, тәжірибесі 10 жылдан асқан, спорт ғылымы бойынша PhD докторы. Жаттығу ең қарапайым, жеңіл болды. Баланың жағдайы кенеттен нашарлағанда, олар үш адамнан бөлініп ойнап жатқан. Бала артынша шетке қарай шығып, құлаған. Оған дереу алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған», - деді Мұхтар Есқалиев.

Сондай-ақ, Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры жаттығуларға балаларды медициналық анықтамасыз жібермейтінін атап өтті.

«Академия қаза тапқан баланың туған-туыстарына көңіл айтады», - деді проректор.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге 8 минутта келгенін айтты.

«Шақыру жедел жәрдем қызметіне шұғылдықтың бірінші санаты бойынша келіп түсті, дереу бригада жіберілді. Бала медициналық қызметкерлер келгенге дейін қайтыс болды», - деп қосты басқарма.

Еске салайық, Алматыда жаттығу кезінде өз құрдастарының көз алдында жасөспірім қайтыс болған. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында танымал дәрігер Жібек Жолдасова жазған. Оның ұлы осы оқиғаның куәгері болған екен. Әйелдің айтуынша, оқиға жаттығу кезінде болған.   

«Ұлымның айтуынша, жаттығу кезінде аса үлкен жүктеме болмаған, жаттығудан кейін ойын ойнадық. Ол бала жүрегін ұстап, отырып қалды да жүріп кетті. Екі жедел жәрдем келді, бірақ құтқара алмады деді ұлым. Жасөспірімдердің жасы 13-15-те және олардан денсаулығы туралы анықтама бірінші күннен бастап талап етіледі екен. Барлық балада сондай анықтама бар, біз ұлымыздың жүрегін УЗИ-ге түсіргенбіз. Кенеттен болған өлім, әсіресе ата-ана үшін ең ауыр. Кешкі уақытта бапкердің өтініші бойынша, барлығын полицияға куәлік ету үшін қайта шақырған. Ұлым шок алды, мұның қалай болғанын түсінбей дал. «Жанымда жүгіріп, секіріп жүрген еді» дейді. Балаларыңыздың денсаулығын бақылаңыздар. Кейде бәрі сіз ойламағандай болып шығады. Баланың жақындарына көңіл айтамын», - деп жазады ол.

Алматы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы мәліметті растады. Онда баланың жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын, сондықтан дәрігерлердің ештеңе істей алмағанын айтты. Баланың неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.