$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2019, 22:26
Оқиғалар

Қызылжар ауданында бірнеше үйді тонаған ұрылар ұсталды

Қазан айында пәтер ұрылары Тепличное елдімекеніндегі 7 үйге түскен

Қызылжар ауданында бірнеше үйді тонаған ұрылар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Тепличное елдімекенінде бір айға жуық халықты зар илеткен ұрылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, пәтер ұрылары қазан айында Тепличное елдімекеніндегі 7 үйге түскен. Олар көзге іліккеннің бәрін – сантехниканы, құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтардың қолды еткен. Қаскөйлерді ұстау үшін аудандық полиция бөлімінің тергеушілері және учаскелік полицей кешенді жұмыстар атқарды. Еңбектері зая кетпей күдіктіні анықтау мүмкін болды.

Криминалды полиция бөлімінің басшысы Дулат Сүлейменов, жедел уәкіл Нұртас Ибраев, аға лейтенанттар Рустам Әубәкіров пен Сырым Жанпейісов селоға кезекті рет келгенде, жыл басында жазасын өтеп шыққан елдімекен тұрғынын байқайды. Тәртіп сақшыларының күдігі бекер болмапты, криминалистік және жедел іс-шаралар барысында оның ұрлыққа қатыстылығы расталып, ұрланған заттар тәркіленді.

«Қылмысқа қатысы бар екінші адамның да аты-жөнін анықтадық. Қазір оны іздестіріп жатырмыз. Ал күдікті - 36 жастағы Тепличное селосының тұрғыны қамауға алынды», – дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Жетепов.

Серіктес жаңалықтары