Көлік полицейлері «Баку-Алматы» әуе рейсінен үш үнді азаматын түсіріп алды
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды
6 қараша күні «Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясының өкілінен «Баку-Алматы» бағытындағы әуе рейсінің бортында құқық бұзушылық болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жағдай Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда болған.
«Өтініш берушілердің айтуынша, шетелдік азаматтар әуе кемесінің бортында тәртіп бұзып, экипаж мүшелерінің ескертулеріне құлақ аспаған, осылайша борттағы басқа да жолаушыларға ыңғайсыздық туғызған. Тексеру барысында құқық бұзғандар 34, 40 және 41-жастағы Үндістан елінің азаматтары екені анықталды», - делінген хабарламада.
Оларды әуе рейсінің актісі бойынша мән-жағдайды анықтау мақсатында сол жерде түсіріп алған. Одан кейін көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК 566-бабының 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып (Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу), әрқайсысына 3 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.