15 жастағы алматылық жасөспірім жаттығу кезінде қайтыс болды
Оқушы өлімінің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды
Оқушы жаттығу аяқталғаннан кейін достарының көз алдында бақилық болған деп жазады «Azattyq Rýhy» тілшісі. Қайғылы жайдай туралы ақпаратты дәрігер Жібек Жолдасова өзінің Facebook-парақшасына жариялады.
Әйелдің айтуынша, ұлы осы оқиғаның куәгері болған.
«Оқиғаны балам айтып келді. Оның сөзінше, жаттығу кезінде аса жүктеме болмаған, жаттығудан кейін олар ойын ойнапты. Сол кезде бала жүрегін ұстап отырып қалған да, жүріп кеткен. Екі жедел жәрдем станциясы келіп, бірақ құтқара алмаған. Ұлым шок алды. Жақындарына көңіл айтамын», - деп жазды ол.
Қайғылы оқиға 6 қарашада Спорт және туризм академиясында кешкі сағат жетілер шамасында болғаны анықталды.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің қайтыс болғанын растады. Баспасөз қызметінің мәлімтеінше, бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен. Ал, Алматы қалалық Полиция департаменті өлімнің себебін анықтау үшін Алмалы аудандық полиция басқармасында тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы