$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2020, 08:48
Оқиғалар

Қарақат Әбілдина алтыншы баласын дүниеге әкелді

Әнші тағы бір қыздың анасы атанды

Қарақат Әбілдина алтыншы баласын дүниеге әкелді
Фото: ашық дереккөзден

Танымал дуэт Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасында сәби дүниеге келді. Қарақат Әбілдина тағы бір қыздың анасы атанды. Бұл туралы әншінің жары Қыдырәлі Болманов өзінің Instagram парақшасында хабарлап, жұрттан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сүйінші, сүйінші, қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті-ақ қыз берді... Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, Қазақ елі! Қуанышты бөліссең көбейеді деген... Перзент сұрап жүрген жандарға құдіреті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін!», - деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Instagram қолданушылары қос әншінің қуанышына ортақтасып, тілектерін жаудырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары