02.09.2020, 06:02
Оқиғалар
Қарағандының екі тұрғыны жалған құжатпен жалпы сомасы 16 млн теңге зейнетақы алған
Олар 71 және 75 жаста
Фото: polisia.kz
30 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне екі алаяқтық фактісі бойынша материал тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Алдын ала анықталғандай 71 жастағы ер адам 2000 жылы өзінің еңбек өтілі бойынша жалған құжаттар тапсырып, 20 жыл бойы жалпы соммасы 7 миллион 400 мың теңге заңсыз зейнетақы алып келген. Сондай-ақ, жиырма жыл бойы өзіне қолайлы еңбек өтілін жасаған 75 жастағы әйел де жалпы соммасы 9 миллион 300 мың теңге зейнетақы алған», - деп жазылған ақпаратта.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілір жатыр.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
