02.09.2020, 02:36
Оқиғалар
Баласын қоқысқа тастап кеткен әйел 55 мың теңге айыппұл төлейді
Ал сәби балалар үйіне жіберілді
Фото: ашық дереккөзден
Қарағандыда жаңа туған қызын қоқысқа тастап кеткен 22 жастағы әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қарағанды патриоты» паблигіне сілтеме жасап.
«Оның екі баласы бар. Үшінші баланы қаламаған. Баланы үйде босанып, түннің ішінде пакетке салып, қоқысқа тастап кеткен. Кішкентай қыз тірі», - деп жазылған ақпаратта.
Октябрь аудандық соты әйелге 55 560 теңге айыппұл салды.
Естеріңізге сала кетсек, 3 сәуір күні Қарағандыдағы үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен бір айлық бала табылған. Бірнеше күннен кейін полиция қыздың анасын тапқан еді.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
